«Кімге алғыс айтар едіңіз»

01.03.2022

Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай кітапханамызда «Кімге алғыс айтар едіңіз» атты іс-шара болып өтті. Шара барысында кітапханашы Амансарина Анаргүл алғыс айту күнінің мәні мен маңызы туралы айтып, оқырмандарға алғыс білдірді. Алғыс айту күніне ұйымдастырылған кітап көрмесін тамашалап әкімшілік бас маманы Сатбергенов Тасболат оқырмандарға алғысын айтып, құттықтау лебізін білдірді. Оқушылар бір – біріне тілектерін білдіріп көңілді әсерлерімен тарасты. Мақсаты: Оқырмандарға сыйластық құндылығы, ризашылық пег алғыс туралы түсінік беру. Ризашылық мен алғыс, жақсы тілек, қарым–қатынас жасай беруге үйрету.Жас ұрпаққа алғыс, ризашылық, жақсы тілек туралы түсінік беру.