«Кітап — алтын қазына»

02.04.2025
2 сәуір күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап — алтын қазына» атты танымдық сағат өткізілді. Шара барысында балаларға кітап көрмесі таныстырылып, сондай-ақ қазақ балалар жазушыларымен танысып, олардың туындыларынан мағлұмат берілді. Шараға 2-3 сынып оқушылары қатысып, ойын түріндегі тапсырмалар арқылы көңіл-күйлерін көтерді.Мақсаты:Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың және балалар кітабы күнінің шығу тарихымен таныстыру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, білімге деген құштарлықтарын ояту, кітапты сүюге және оны таза ұстауға тәрбиелеу.