«Кітап арқылы ашылған сырлы әлем»

31.03.2023
31 наурыз күні Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты әдеби ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Ата-аналар арасында балаларға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау.