«Кітап — асыл қазына»

02.04.2025
2 сәуір күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап — асыл қазына» атты кітап фестивалі ұйымдастырылды. Шара барысында балалармен бірге кітапханаға саяхат жасалды. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, балаларға кітап күнінің тарихы, авторлардың өмірбаяны және ертегілері туралы қызықты мағлұматтар ұсынылды. Шараға 5-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Жас оқырмандардың жан дүниесін кітап арқылы байыту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және кітап оқуға баулу.