«Кітап — білім кілті»

02.04.2025

2 сәуір күні Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап — білім кілті» атты кітапханаға саяхат сағаты өткізілді. Іс-шара барысында жас оқырмандар кітапхананың жұмыс барысымен танысып, кітап көрмелеріне шолу жасады. Шара соңында балалар өздері оқыған кітаптар жайында ой бөлісіп, сол кітаптағы ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлер туралы баяндап берді. Мақсаты:Оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітап пен Балалар кітабы күні туралы тарихи мағлұмат беру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту және оқушыларды кітапты сүюге, оны ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.