«Кітап – білім кілті»

23.04.2025

23 сәуір  Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – білім кілті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Көрмеге ақын-жазушылардың түрлі жанрдағы шығармалары қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Әдеби көрме арқылы қатысушылар рухани қазынамен жақын танысып, ұлттық әдебиетіміздің бай мұрасынан сыр шертетін кітаптармен сусындады. Мақсаты:Оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту, кітапты сүюге, ғибратты сөздерден үлгі-өнеге алуға және кітапты құрметтеуге баулу.