«Кітап — ғажайып әлем»

01.04.2025
1 сәуір күні Қызылжар кентінің үлгілі кітапханасында 2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап — ғажайып әлем» атты әдеби лото ойыны ұйымдастырылды.
Әдеби лотоға 5-сынып оқушылары қатысып, дәстүрлі шараға ерекше белсенділікпен атсалысты. Шара барысында балалар ақын-жазушыларының ертегі және әңгімелерінен үзінділер оқылып, жұмбақтар жасырылды, мақал-мәтелдер жатқа айтылды. Мақсаты:Кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.