«Кітап — ғажайыптар әлемінің кілті»

02.04.2025

2 сәуір күні Түгіскен ауылдық кітапханасында Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап — ғажайыптар әлемінің кілті» тақырыбында кітапханаға саяхат және ашық есік күні өткізілді. Мақсаты: Балалар оқырман тобын кітап оқуға шақыру, балалар кітабын насихаттау. Іс-шара барысында кітапханашылар келген оқырмандарға жаңа түскен әдебиеттерден кітап көрмесін жасап, балаларға арналған кітап бұрышындағы кітап сөрелерімен таныстырды. Сонымен қатар, викториналық сұрақтар қойылып, фото зона жасақталып, оқырмандар естелікке өздеріне ұнаған кітаптармен селфи жасап суретке түсті.