«Кітап қоржын»

27.06.2025
27 маусым күні Түгіскен ауылдық кітапханасында «Ерте, ерте, ертеде...» тақырыбында қазақ ертегілерін насихаттау мақсатында «Кітап қоржын» атты әдеби іс-шара өткізілді. Ертегі – ұлттық тәрбиенің айнымас бөлшегі. Ол – халықтың тілі мен дүниетанымының, даналығы мен өмірлік ұстанымдарының алғашқы қайнар көзі. Жас ұрпақтың бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттер ең алдымен ертегі арқылы даритыны белгілі.Іс-шара барысында оқушыларға қазақ ертегілерінен, соның ішінде «Ер Төстік», «Батырлар туралы ертегілер» және басқа да туындылардан үзінділер көрсетіліп, олардың мазмұны мен жағымды, жағымсыз кейіпкерлердің іс-әрекеттері талданды. Оқушылар шараға қызығушылықпен қатысып, ертегілер әлеміне ерекше ықыласпен еніп кетті. Мақсаты: Қазақ халқының қиял-ғажайып ертегілері арқылы оқырмандардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіру, жақсылық пен жамандық туралы түсініктерін кеңейту.