«Кітап – патшалығындағы мереке»

31.03.2023
31 наурыз күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 2 – сәуір Халықаралық балалар кітабы мерекесі аясында «Кітап – патшалығындағы мереке» атты оқыған кітаптарын талдау болып өтті. Оқырмандардың сүйікті кітаптарынан оқыған шығармаларын жарыса бір – біріне айтып ойларымен бөлісті. Әңгіме, ертегілер айтып, өлеңдер, тақпақтарын жатқа айтты. Шараға 5 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар жақсы күймен тарасты. Кітап көрмеге «Әлем ертегілері», «Андерсен ертегілері» «Қазақ халық ертегілері» топтастырылды. Мақсаты: әлем балаларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру