«Кітап – сарқылмас қазына»

07.04.2022

Балалар жылы, Қазақстан Республикасындағы кітапханаларға оқырмандарды тарту және кітап оқуды насихаттау, аясында  7 сәуір күні сағат 16.00-де Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасында «Кітап – сарқылмайтын қазына» атты Жаңаарқа - Көкшетау - Нұрсұлтан - Алматы қалалары арасында online телемост өтті.

Мақсаты:  Шығармашылық интеллигенция өкілдерін, мемлекет және қоғам қайраткерлерін іс-шараға тарта отырып, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу белсенділігі мен мәдениетін арттыру.

         Қазақ әдебиетінде, мәдениетінде өзіндік  орны бар, майталман ақын жазушылар  Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, балалар жазушысы  Баянғали Тақанұлы Әлімжанов, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын  Ғалым Жайлыбай, Әлем Халықтары жазушылар одағының мүшесі,  Евразия дизайнер одағының мүшесі,  ҚР жас суретшілер одағының мүшесі,  балалар жазушысы Нүсіпқан Қадырсұлтан  ағаларымызбен онлайн рухани кездесу жоғары дәрежеде өтті.  Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының меңгерушісі Айгерім Сейілханқызы сөз алып, арқаның арда ұлы Ғалым Жайлыбай ағамызға туған жерінің сәлемін жеткізді. Кездесу барысында  аудандық балалар кітапханасының жұмыс жайлы айта кетіп, кітап оқуды ілгерілетуде өткізіліп жатқан іс-шаралар жайлы айтып өтті. Ақселеу Сейдімбек атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары Саянұлы Темірлан, Сарсенбай Асылым, Абдрахметова Ақерке, Бауыржан Нұршат, Еламан Шаханов атындағы тірек мектебінің оқушылары Жанысқызы Айкүнім, Тәжібай Аяулым, О.Жұмабеков атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Русланқызы Аделя сынды әдебиет сүйер оқырмандарымыз  қарымды қаламгер Ғалым Жайлыбай ағамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, рухани әңгімелерін тыңдап бір марқайып қалды. Шараға Алматы облысы Алакөл ауданының «Алакөл аудандық кітапханасы» КММ-нің  директоры Гүлнар Мұратқызы , Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің басшысы Күнім Әбдісалыққызы , Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасының меңгерушісі Бақытжан Досымбекқызы қатысты.Кездесу соңында Баянғали Әлімжанов пен Ғалым Жайлыбай ағаларымыз даналық пен ізгілік әлеміне жол бастайтын кітапхана мамандарына шығармашылық шабыт тілеп, ақ батасын берді.