«Кітап — тарих шежіресі»

02.04.2025

2 сәуір күні Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында Халықаралық балалар әдебиеті күніне орай «Кітап — тарих шежіресі» атты библио-кафе ұйымдастырылды. Шараға Бидайық жалпы білім беретін мектебінің 3-сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін, тапқырлығын арттыратын сөзжұмбақтар, мақал-мәтелдер және викториналық сұрақтар қойылып, қызықты тапсырмалар орындалды.Мақсаты:Кітаптың қалай пайда болғаны жөнінде мағлұмат беру, кітаптың адамзат өміріндегі маңызын түсіндіру. Кітап — арман биігіне самғатып, білім мен ғылым жолына жетелейтін ғажап дүние екенін ұғындыру. Сонымен қатар оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.