«Kitap Time - 2024»

20.09.2024

20 қыркүйек  Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында  Республикасының  Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен  «Kitap Time - 2024»  ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Ертегі арбат» атты ертегілерге саяхат  ұйымдастырылды. Іс -шараға Бидайық ЖББ мектебінің оқушылары белсене қатысты. Іс -шара барысында заманауи «Мобильді ертегі» атты көрмесі таныстырылды. Сондай –ақ «Ойлан тап», «Ертегі құрастыр», «Саусақ театры» атты  ойындары ойнатылды. Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.