«Кітапхана — күн шуағы, білімнің бастауы»

01.04.2025

1 сәуір күні С. Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында «Кітапхана — күн шуағы, білімнің бастауы» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.
Шараға мектеп тәрбиешісі Б. Ақанаева «Шағын орталықтың» тәрбиеленушілерімен бірге қатысып, балалар кітапханамен жақынырақ танысты. Кітапханашы Г. Акатова жас бүлдіршіндерге қызықты ертегі кітаптарын таныстырып, олардан үзінді оқып берді.Мақсаты:Балаларды Халықаралық балалар кітабы күнімен таныстыру, кітапқа деген қызығушылықтарын оятып, кітап оқуға баулу.