"Кітапхана жұмысындағы заманауи тәсілдердің тиімділігі"

26.04.2022
С.Сейфуллин атындағы ОКЖ-нің әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл кітапханашыларына арналған "Кітапхана жұмысындағы заманауи тәсілдердің тиімділігі" тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар жұмысы барысында ОКЖ бөлімдерінің меңгерушілері "Кітапхана жұмысын ілгерілету", "Оқитын ұлт" жобасы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" іс-шараларының жоспары және "Интернет-сауаттылық" туралы дәріс оқып, сұрақ-жауап алмасты. Семинар соңында Н.Гоголь атынд. Қарағанды обл әмбебап-ғылыми кітапханасына "Мамандықты меңгеру" атты облыстық семинарға қатысқан Ш.Ералиев ауылының кітапханашысы А.Жөкенова мен Түгіскен ауылының кітапханашысы А.Бекбосын обл.семинарда жүргізілген кәсіби кеңестер туралы баяндап берді.