«Кітапханадағы жаз»

23.07.2025

23 шілде күні Қызылжар кентінің үлгілі кітапханасында «Кітапханадағы жаз» атты ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында кітапханаға «Құлыншақ» бөбекжайының кішкентай қонақтары келіп, кітапханаға саяхат жасады. Бүлдіршіндер балаларға арналған әдебиеттермен және 3D форматтағы кітаптармен танысып, ерекше әсер алды. Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқуға тарту, кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, кітапты ұқыпты әрі таза ұстауға тәрбиелеу.