«Кітапханаға кітап сыйла»

14.02.2024
14 ақпан Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті. Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында бұл ұйымдастырылған акция барысында кітапханаға 10-ға жуық кітап сыйға тартылды. Ш.Ералиев ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Көпбосынов сыйға тарта отырып, ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра-кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта екенін айтты. Мақсаты: Қарапайым және мейірімге толы , барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын мейрам ету.