«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

01.03.2022
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында кітапхана қорына Жаңаарқа ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұқажанов Медет Файзрахманұлы Қазақстан археологиясы туралы кітаптарды сыйға тартты. Барлығы 145 дана. Олар: А.Е.Астафьев «Маңғыстау түбегінің неолиті және энеолиті», З.Самашев «Сауысқандық петроглифтері», Е.П.Китов, А.М.Мамедов «Ерте темір дәуіріндегі Батыс Қазақстанның көшпелі тұрғындары», «Ұлы даланың салт аттылары: дәстүрлер мен үндестіктер», П.А.Косинцев, З.Самашев «Берел жылқылары. Морфологиялық зерттеу», «Қазақ даласындағы көне және ортағасырлық тарихи-мәдени үдерістер: дәстүрлер мен инновациялар». Осыған орай Медет Файзрахманұлына алғысымызды білдіреміз.