«Кітап–сарқылмас рухани қазына» атты мақал-мәтел сайысы

04.04.2022
4 сәуір күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында «2 сәуір -халықаралық балалар кітабы» күніне орай «Кітап–сарқылмас рухани қазына» атты мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылды. Шараны кітапханашы М. Искакова жүргізіп, оқушыларды екі топқа («Сұңқар», «Тұлпар») бөліп, мақал - мәтелдер айтып, жұмбақтар шешті. Мақсаты: оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру.