«Көктемдегі көңіл күй»
24.02.2022
Ақтүбек ауылдық кітапханасында 24 ақпан күні қолөнер үйірмесінің жетекшісі С.Көшеметова мен кітапханашы А.Ибреваның ұйымдастыруымен «Көктемдегі көңіл күй» тақырыбында онлайн шеберлік сағаты өткізілді. Келе жатқан наурыз айындағы аналар мерекесіне орай кітапхана оқырмандарына және аулымыздың қыз–келіншектеріне ерекше сыйлық ретінде әсем гүл шоқтарын жасау жолдары көрсетілді. Гүл шоқтарын қағазды шиыршықтау арқылы жасалатын квиллинг жұмыс түрі көрсетілді. Мақсаты: Қағаздан гүл түрлерін жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету. Қағазды шиыршықтау арқылы жасалатын квиллинг жұмыс түрі көрсету.