«Көркем еңбек»

28.03.2025
28 наурыз күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында «Көркем еңбек» атты шеберлік сағаты өтті. Қазақ халқы «Өнер – таусылмас азық, байлық» деп бекер айтпаған. Ұлттық қолөнер, соның ішінде ою-өрнек, ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазына болып табылады. Алайда қазіргі таңда бұл өнердің ұмытыла бастағаны байқалады. Ұлттық қолөнерді жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада оқушыларға ою-өрнекті қию, оны матаның үстіне бастыру және тігу тәсілдері үйретілді. Іс-шараға 6-сынып оқушысы Серікова Айдана мен 7-сынып оқушысы Серікова Ділназ қатысып, ет табақтың астына қоюға арналған сәндік-қолданбалы бұйым әзірледі. Мақсаты:Оқушыларға көркем еңбек туралы түсінік беру, оларды іскерлік пен шеберлікке баулу.