«Көркем сөздің шебері»

14.04.2022
Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 14 сәуір күні «Парасат жолы» бұрышы аясында қазақ жазушысы Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдығына арналған «Көркем сөздің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен, артына қалдырған бай мұрасымен танысты. Көрмеге жазушының бес томдық жинақталған шығармалары қойылды. Көрмеге кітапханашы А.Ботбаева шолу жасады. Мақсаты: Оқырмандарды жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Жазушының мұрасын жас ұрпаққа таныту.