«Көркемсөз өнерінің – Арулары»

07.03.2022
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Ақтүбек ауылдық кітапханасында 7 наурыз күні «Көркемсөз өнерінің – Арулары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографияляқ шолу жасалды. Шараға ауылымыздын нәзік жанды арулары шақырылды. Келген қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында өлеңдер оқылып, құттықтаулар айтылды. Мақсаты: Көркемсөз өнерінің аруларын насихаттау. Нәзік жанды аруларымызға мерекелік көңіл күй сыйлау.