«Қош келдің, Әз – Наурыз!»
21.03.2023
С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 21 наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Мәдениет үйінде «Қош келдің, Әз – Наурыз!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс–шараны ауыл әкімі Н.Абдиков құттықтау сөзбен ашып берді.Ақ жаулықты аналар шашу шашып, әншілер әуелетіп ән салып, бишілер мың бұрала би биледі. Шараға қатысушыларға «Ардагер», «Сәкен», «Иманақ», «Өнерлі», «Нияз батыр» ауылдары атты атаулар беріліп, әр ауыл ұлттық салт–дәстүрлеріміз «Бесікке салу», «Көрісу», «Тоқымқағар», «Тұсау кесер» рәсімдері көрсетілді. Кітапханашылар Наурыз мерекесіне арналған кең көлемді «Наурыз - думан» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көрмеге кітапханашы М. Искакова шолу жасады.