«Қош келдің, әз-Наурыз»

16.03.2023
16 наурыз Түгіскен ауылдық кітапханасында «Қош келдің, әз-Наурыз» атты дәстүрлі кеш өткізілді. Дәстүрлі кешке ұлттық-тағамдардан дастархан жайылып, Өтебаев Сембай ақ батасын берді. Қонақтар келіп Наурыз күніне шашу шашты. Мақсаты: 22 наурыз мейрамы жайында ақындар өлеңдерін насихаттау. Әз-Наурыз еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру.