«Қош келдің , қызғалдақты Әз-Наурыз»

17.03.2023

Наурыз мейрамы – көктемгі жаңару мерекесі. Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Қош келдің , қызғалдақты Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара наурыз айының 17 күні Б. Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы ауданымыздағы №1 мектеп-лицейдің 1 сынып және 4 сынып оқушыларымен өткізді. Мерекелік кеште балалармен ұлттық ойындар (арқан тартыс, күш сынасу, асық ату) ұйымдастырып, салт-дәстүріміз насихатталды, баланы бесікке бөлеу, тұсау кесу дәстүрлері де көрсетілді. Наурыз туралы тақпақтар, өлеңдер айтылды, «Аққу» биін,  «Қара жорға» биін билеп,  балалар «Қамажай» әнін орындап, ақ дастархан жайылды, арнайы мерекелік наурыз көжемізде дастарханымыздың сәнін келтірді. Ата-аналар арасынан әжелер мен аталар дастарханға ақ баталарын жаудырды, балаларға ақ тілектерін тіледі.  Белсенді оқушыларға грамота, алғыс хаттар табысталды. Қатысушылар саны: 70 оқушылар 1 сынып-26, 4 сынып-24, және 20 ата-аналар