«Қош келдің, нұрлы Наурыз!»

22.03.2022
18 наурыз күні Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 22 наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, нұрлы Наурыз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға әкімшілік аппараты, мектеп оқушылары, мәдениет үйінің қызметкерлері мен тұрақты оқырмандар қатысты. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.