«Қуаты берік – Ата Заң»

27.05.2025
27 мамыр күні Түгіскен ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай «Қуаты берік – Ата Заң» тақырыбында кітап сөресіне шолу ұйымдастырылды. Сөреге Конституция туралы мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар, брошюралар мен кітаптар қойылып, оқырмандарға ұсынылды.
Мақсаты:Оқырмандарға Ата Заңның маңызын түсіндіру, елдің заңдары мен рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.