«Күй атасы - Құрманғазы»

01.07.2024

      1 шілде  Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай «Күй атасы - Құрманғазы»  атты өнеге сағаты өткізілді. Шараға 5 сынып оқушылары ат салысып, домбырамен ән орындап, күйлер шертіп берді. Құлаққа жағымды әсер ғана беріп қоймай, жан дүниені тыныштандыратын құдіреті күшті домбыра екендігін жеткізуге тырыстық. Қатысқан әр бір оқушыларға алғысымызды жаудырып, шағын силықтармен қуантып, әрі қарай да домбыраны шыңдай түсіп биік белестерден көрінулерін тіледік. Жақсы көңіл күймен шарамызды аяқтадық. Мақсаты: Жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, домбыраға қызыушылықтарын арттыру.