«Күлімде, Наурыз, күлімде!»

20.03.2025
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 20 наурыз күні Ұлыстың ұлы күніне орай «Күлімде, Наурыз, күлімде!» атты ертеңгілік өткізілді. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесі биыл да ауылымызда ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Шара сахналық көрініспен басталып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Балалар мен жасөспірімдер белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Биыл алғаш рет садақ ату жарысы өткізіліп, 6-сынып оқушысы Құрманғали Райхан 1-орынды иеленді. Мерекенің құрметті қонақтары – ауылымыздың үлкендері мен қазыналы қарттары осы мейрамның куәгері болып, ақ баталарын беріп, ақжарма тілектерін жаудырды. Кеш соңында ауыл әкімі Файзрахманұлы Рауан жарысты ұйымдастырушылармен бірге жеңімпаздарды марапаттады. Жалпы, Наурыз мерекесі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Наурыз – көктем мен еңбектің, күн мен түннің теңесетін мерекесі. Ұлыстың ұлы күнінде еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын! Мақсаты: Оқушыларға жыл басы – Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіріп, халқымыздың бұл мейрамды қалай қарсы алғанын үйрету және насихаттау.