«Күлкі- жанның шипасы»

01.04.2022
1-сәуір күлкі күніне орай «Күлкі- жанның шипасы» атты библиошар ұйымдастырылды. Кітап көрме ұйымдастырылып, көңілді ойындар ойнатылды. Мақсаты – адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру, күлкі және жымиюдың адам өміріндегі қажеттілік екенін түсіндіру, кітаптармен таныстыру. Белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіровтың «Анау мен мынау» атты кітабынан «Кездейсоқ махаббат» атты әзіл- оспақ өлеңін оқып, оқырмандардың көңілі бір көтерілді.