«Қуыр – қуыр, қуырмаш» әдеби сайысы

10.11.2021
«Ұлттық ойын ұшқыны» жобасы жоспары бойынша Түгіскен ауылдық кітапханасында 10 қараша күні «2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітабын оқуын қолдау жылы» аясында «Қуыр – қуыр, қуырмаш» тақырыбында әдеби сайыс өткізілді. Оқырмандар жаңылтпаштар айтып, мақал – мәтел жалғасын тауып, ұлттық ойындарға арналған мерзімдік басылымдардағы сөз жұмбақтарды шешті. Мақсаты: Оқырман балалардың сөздік қорын молайту, шапшаңдыққа, зеректікке баулу.