«Қыз өссе елдің көркі»
22.09.2022
22 қыркүйек күні « Арай» ашық сырлау клубының жұмыс жоспары аясында «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, қыздар тәрбиесі жайлы біршама тәрбиелік мәні бар мәліметтер ортаға салынды. Берілген ақпараттар оқушылардың, әсіресе қыз балалрдың асыл қасиеттерді бойына сіңіруне ықпал етті. Іс – шара қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік сұлулық, жан- жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу мақсатында өткізілді. Іс-шараға аудандық мектептің психологтары мен 10- сынып оқушылар қатысты. Қыз баласының тәрбиесіне, ұлттық қасиеттерін таныту мақсатында түрлі семинар - тренингтер жүргізіліп, ой- талқы және тілектер айтылды.