«Қызықты көңіл, студенттік өмір» ой талқы

17.11.2022

2022 жылдың 17 қарашасында   «Сакен Сейфуллин атындағы  үлгілі  кітапханасы» КММ  оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі  мен « Ғалым Жарылғапов атындағы Аграрлық колледжі» КММ  ұстаздарының ұйымдастыруымен,   17 ші қараша  Студенттер күніне арналған  «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты  ой талқы өткізілді. Іс-шараға  Жаңаарқа ауданының жастар ресурстық орталығының  директоры  Еркегүл Тәттімбекқызы, Ішкі  саясат бөлімінің бас маманы  Айтанова Айғаным,  «Б.  Амалбеков атындағы тірек мектебі КММ» директордың  тәрбие ісінің меңгерушісі,педагог психолог Серикбаева Айгүль Айткеновна, «Ғалым Жарылғапов атындағы Аграрлық колледжі» КММ-нің ұстаздары Әбілқасым Мартбек Балтабайұлы,Сұлтанова Ақтоты Берекеевна және де   колледж студенттері    қатысты. Мереке шымылдығын  Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжінің ұстазы  Әбілқасым Мартбек Балтабайұлы әсем әнімен ашты. Кітапханашы  Халықаралық студенттер күнінің шығу тарихымен таныстырып, әртүрлі елдердің студенттеріне қатысты қызықты ақпараттармен бөлісті.Сонымен қатар, жүрекжарды өлең шумақтары айтылып, онлайн оқудың қызықты сәттерінен видео көрсетілді. Іс шара  барысында ұстаздар мен студенттік өмір,білім алуға байланысты сұрақтар талқыланып, ұстаздардың студенттік өмірінен қызықты сәттер, қызықты сұрақтарға ұтымды жауаптар алынды. Сондай-ақ  шара соңында белсенділік көрсеткен  студенттерге   алғыс хат пен кітаптар сыйға тартылды.