«Латын әліпбиі – өркениет жолы»

21.04.2022

Ағымдағы  жылдың  21 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және «Парасат жолы» орталығының жұмыс жоспары бойынша аудандық кітапханада «Латын  әліпбиі – өркениет жолы» атты эксперттік талқылау өткізілді.  Іс-шара барысында оқырмандарымызға латын әліпбиімен таныстыра отырып,  әліпбидің дұрыс айтылуы мен жазылуы, қолданысы, қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшіру маңыздылығы туралы талқыланды. 

            Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Жібек Оралқызы бүгінге дейін латын әліпбиін үйретуге байланысты елімізде, мекемелерде өткен семинар-тренингтерде сала мамандарының ұсыныс-пікірлері тыңдалғанын жеткізді. Сол семинар-тренингті оқырмандарымызбен бірге Жібек Оралқызы өткізді. Латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері талқыланып, әрі қарай оқырмандарымыздың жекелеген ұсыныс-пікірлері негізінде эксперттік талқылау өрбіді.