Мағрипа Жылқыбаеваның 80 жылдық мерейтойы

11.04.2025
Ғылым күні мен ұлағатты ұстаз, ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның 80 жылдық мерейтойына орай тағылымы мол дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараны музей қызметкерлері, Жастар орталығы және Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі бірлесе өткізіп, жас буынға ғалымның өмірі мен еңбегі туралы мағыналы мәліметтер ұсынды. Кездесу қатысушыларға ғылым жолының мәні мен маңызын терең ұғындырып, рухани азық сыйлады.