«Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары»

21.05.2024

Орынбай ауылдық үлгілі  кітапханасында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай ауылымыздың мәдениет меңгерушісі Молдабеков Ертай Мүсілімұлымен «Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары» атты кездесу ұйымдастырылды.         

     Мақсаты: мәдениет және өнер қызметкерлерінің толағай еңбектеріне  айрықша құрмет көрсету. Оқырмандарды кез – келген ортада өзін тәртіпті, мәдениетті, әдепті, үлгілі болуға үйрету.

     Шара барысында мәдениет  меңгерушісі Молдабеков Ертай ағамыз өзінің өнер жолына қалай келгенің, жұмыс туралы, қызықты оқиғаларын әңгімеледі. Оқырмандар өз ойларындағы сұрақтарын қойды.                                                                                               

     Іс - шараға 9 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі  Саматова А. қатысты.