«Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары»

21.05.2025

21 мамырда Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары» атты әңгіме шолу өткізілді. Бұл кәсіби мереке 2013 жылдан бері атап өтіліп келеді. Мәдениет – халықтың рухани байлығы мен салт-дәстүрінің негізі, ұрпақтан ұрпаққа жететін асыл мұра. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әрқашан дамыған, рухы биік болады. Шараға әкімшілік қызметкерлері мен мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Мақсаты: Мәдениет туралы ақпарат беру, әлем мәдениетін таныстыру.