«Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары»

20.05.2025

20 мамыр күні Сәкен Сейфуллин атындағы үлгілі кітапханасында «Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары» тақырыбында әңгіме сағаты өтті. Шараға мәдениетіміздің дамуына зор үлес қосқан, кітапхана саласында 40 жыл еңбек еткен Күлімхия Құмарханова қатысып, оқырмандармен кездесу өткізді. Ол кісі мәдениет саласындағы бай еңбек жолы туралы әңгімелеп, қызықты естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ жастарды мәдениеттің озық үлгілерімен таныстырып, мамандық таңдауда қателеспеудің маңыздылығына тоқталды. Мақсаты: Мәдениетімізді, өнерімізді және ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, жас ұрпақты рухани тәрбиелеу.