«Мәдениеттің мәйегі кітап»

18.04.2025
18 сәуір күні Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасында 23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне» орай, «Мәдениеттің мәйегі кітап» атты кітапхана түні ұйымдастырылды. Оқырмандар мен кітаптар әлемінің арасында керемет байланыс орнатып, кітапхана түнінде «Кітап әлеміне саяхат», «Кітап кейіпкерлерін таны», «Құпия сурет», «Кітап марафоны», «Кітап желісімен түсірілген фильмдер», «Библио би», «Кітап тақырыбындағы викториналар» мен шытырман шығармашылық ойындар жәнеде «Кітаптан дәм» буфет бұрышы ұйымдастырылды. Мақсаты:Оқырмандарды тылсым кітап әлеміне жетелеп, оларда кітапқа деген қызығушылықты арттыру, жағымды көңіл күй сыйлай отырып, кітап оқудың маңыздылығын насихаттау және білім көзі ретінде кітаптың құндылығын көрсету.