«Мейірімді еліме мың алғыс!»

01.03.2022

Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 1 наурыз күні алғыс айту күніне орай «Мейірімді еліме мың алғыс!» атты бейнешолу, көрме ұйымдастырылды. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.«Мейірімді еліме мың алғыс!» Мақсаты: Жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту»