Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

09.09.2021

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі » атты Қазақстан Халқына Жолдауын талқылауға арналған  дөңгелек үстел өткізілді.  Жиында аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп Жолдауда айқындалған мақсат-міндеттерді іске асырудың жолдары сараланды.

     Өз пікірін ортаға салған Жастар ресурстық орталығының директоры Ізтулеуов  Дәурен Досымұлы Елбасының биылғы Жолдауы елімізде ретімен жүзеге асырылып келе жатқан маңызды реформалардың заңды жалғасы екендігін айтты.

     Дөңгелек үстел отырысы барысында кітапханашылар оқырмандарға Жолдау мазмұнын баяндады, білім саласы бағытындағы басымдықтарға нақты тоқталды. Отырыс соңында Жолдауда көрсетілген бастамалар бойынша талқылау жүргізілді. Талқылау барысында шараға қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Аталмыш шараға «Жолдау – жаңалыққа жетелейді» тақырыбында бұрыш жасақталды.

     Дөңгелек үстелді қорытындылай келе қатысушылар ҚР Президентінің Жолдауы еліміздің одан әрі даму жолына мақсатты және айқын бағытталған бағдар алатындығы жөнінде ортақ пікірге келді.