«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы»

04.06.2024
4 маусым күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасы мен мәдениет үйінде 4 маусым-Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» атты викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Шара әнұранмен басталып, кітапханашы М.Искакова кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, оқушыларға рәміздер туралы сұрақтар қойылды. Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.