«Мемлекеттік рәміздер – ұлтымның мақтанышы»
03.06.2022
2022 жылдың 3 –маусым күні «Мемлекеттік рәміздер – ұлтымның мақтанышы» атты патриоттық кеш өткізілді. Мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған шара Мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Кешке арнайы қатысқан жерлес жазушы, өнер зерттеушісі, Мәдениет саласының үздігі Серік Оспанов Мемлекеттік рәміздердің тарихи мәні мен маңызы жайында жастарға әңгімелеп, оларды білімді, елінің патриот азаматтары болуға шақырды.
Кеш барысында Шәмші Қалдаяқовтың қазіргі Мемлекеттік Әнұранымызға айналған «Менің Қазақстаным» әнін қалай жазғаны туралы көзі тірісінде өз аузымен айтқан естелік таспа көрсетілді. Кешке қатысқан қонақтар Елтаңба мен көк Туымыздағы тарихи үндестік пен символикалық сәйкестік қазақ тарихы мен дүниетанымына үйлестіре жасалған ғажап туынды екенін атап өтті. Оқырмандарымыз Мемлекеттік рәміздер күнінің 30 жылдығына байланысты «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің нышаны» атты кітап көрмесін тамашалады. Мемлекеттік рәміздер туралы ақын-авторлардың өлеңдері оқылып, әсем әндер шырқалды.