«Мен — болашақ оқырманмын»

02.04.2025

2 сәуір күні Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында «Мен — болашақ оқырманмын» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ынталы жалпы білім беретін мектебінің 2-сынып оқушылары, сынып жетекшісі А. Маратова және көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жүнісова Б. қатысты. Балалар өздеріне ұнайтын қазақтың дана, дара ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жарыса айтып, сүйіп оқитын кітаптары жайлы ойларымен бөлісті. Кітапханадан ұнаған кітаптарын алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Мақсаты:Кітаптың сарқылмас қазына екенін, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, ғылым мен білімнің пайдасы туралы мағлұмат беру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оларды кітап оқуға баулу.