«Мен едім, от жүректі Қасым ағаң»

18.10.2021

       Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында Қасым Аманжоловқа «Мен едім, от жүректі Қасым ағаң» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне ақын ағамыздың шығармалары қойылып, шолу жасалды. Мақсаты: Қазақтың арқалы ақыны, қоғам қайраткері Қасым Аманжолов мұраларын талдап, ақын өмір сүрген дүние мен ақынның өмірлік ұстанымдарын айқындап, оның көзқарасын ұғыну, өз ойларын қорытып тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді дәйек сөздермен дәлелдеуге жаттықтыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Қасым поэзиясы арқылы отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандылыққа тәрбиелеу.