«Мәңгілік махаббат жыры»

12.10.2022

     Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында 12 қазан күні Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Ә.Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Мәңгілік махаббат жыры» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Б.Бұлқайырова шолу жасады. Аталған шараға ауылымыздың мектебінің 10 сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы Г.Бақтыбаева және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ахмедиева қатысты. Кітапханашы Есқараева Жаңыл көрмеге қойылған «Махаббат кызық  мол жылдар» романынан әсерлі үзінділер келтіре отырып баяндап берді. Мақсаты: Жасөспірім оқырмандарды  жазушы Ә.Нұршайықовтың шығармаларымен таныстыру, оның ақиқатқа толы әдемі шығармалары арқылы кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық  адалдық пен адамгершілік қасиеттерін насихаттау .