«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!»

25.10.2023
25 - қазан Республика күніне орай С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету. Әнұранмен басталған іс- шара барысында мектеп оқушылары Республика күніне арналған патриоттық әндер мен өлең жырларын арнады. «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттерді баяндап, өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес материалдар насихатталды.