«МЕНІҢ ЕЛІМНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ МЕНІҢ АУЫЛЫМНЫҢ ТАРИХЫ» атты шығармалар байқауының салтанатты марапаттау кеші
14.12.2021
14 желтоқсан күні Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдаструымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы « 2021-балалар мен жастардың оқуын қолдау жылы» аясында «МЕНІҢ ЕЛІМНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ МЕНІҢ АУЫЛЫМНЫҢ ТАРИХЫ» атты шығармалар байқауының салтанатты марапаттау кеші өтті. Іс-шаранаң мақсаты: 13-15 жастағы жасөспірімдердің туған жерінің тарихын терең білуге және тұтас елдің дамуындағы ауылдың алатын рөлін анықтауға, туған ауылының дамуы ел дамуының негізгі құрам бөлігі ретінде көзқарастарын қалыптастыру, зерттеу жұмысы дағдыларын дамыту болатын. Шығармалар байқауына ауданымыздың ауыл аймақтары белсене ат салысты. Қазылар алқасының құрамында «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, т.ғ.к. Н.А.Бейсенбекова, журналист,облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы А.Ж. Жанғожин, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісінің м.а. М.Д.Болат және де Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК ақпараттық библиография бөлімінің ұлттық библиография секторының меңгерушісі м.а. Г.Қадыровалар төрелік етті. Байқау қорытындысы бойынша сараптау комиссиясы байқау талаптарына сай оқушыларды диплом мен бірнеше номинация иегерлерін атанды. ІІІ – орынды №132 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Әбікен Ділнәз иеленсе, арнайы сыйлықты О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Нүриден Арай мен Байдалы би ауылдық ЖООБМ 9- сынып оқушысы Төрехан Аяулым еншіледі. Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының басшысы Баян Қуанышқызының алғыс хатымен Айгерім Сейілханқызы мен Әсем Құрақбайқызы марапатталды.