«Менің өмірім»

25.02.2022

Ақтайлақ ауылдық кітапханасында 25 ақпан күні жыр дүлділі Жамбыл Жабаевқа арналған «Менің өмірім» атты әдебигид өткізілді. Мақсаты:ақынның өлеңдері арқылы оқушылардың адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастырып, қазақ тіліне деген, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, оны бағалай білуге ұғындыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.